jasqazaq.kz

Банкроттықтың салмағы зілбатпан

30 қантар 2023, 15:47

Азаматтарға өтініші бойынша банкроттық жарияланса, бес жыл өткенше несие рәсімдей алмайды деп хабарлайды JQ-Aqparat Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл жайында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

«Азаматтарға 5 жыл ішінде (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредит берілмейді. Сонымен қатар 7 жыл ішінде қайта банкроттыққа өтініш бере алмайды. Банкроттықтан кейін олардың қаржылық жағдайы үш жыл бойы тексеріледі. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар қолданылмайды. 7 жыл ішінде банкрот деген атақ борышкерлер тізілімінде тіркеліп тұрады. Басқа банк, ұйымдар бұл ақпаратты ала алады. 7 жылдан соң банкроттық мәртебесі өтсе де, азамат несие алатын болса банк тарапынан ол туралы мәлімет алынып, оң шешім қабылданбауы мүмкін. Сондықтан банкроттық соңғы тәсіл. Азаматтар өзін банкрот деп жарияламас бұрын, оның салдары мен шектеулері туралы ойланып, салмақты шешім деп қабылдауы керек» екенін баса айтты вице-министр.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді