jasqazaq.kz

Балық азайып барады

06 қазан 2016, 14:48

20161006133837

Қазақстанның барлық су қоймаларындағы балық қоры күрт азайып барады. Бұл туралы бүгін «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов мәлім етті.

«Мен білетін барлық су қоймаларында Зайсанда да, Балқашта да, Алакөлде де, Каспийде де балықтың барлық түрлерінің қоры күрт азайып барады. Бұл – трагедия. Шұғыл арада шаралар қабылдау қажет. Әрине, оның түрлі себептері бар. Негізгісі браконьерлік. Ал Каспийде кешенді проблемалар бар. Мәселен, Кеңес одағынан қалған ұңғымалардың қаншалықты жабық екендігін білмеймін. Егер олар жабық болмаса, мұнай төгіліп, Каспий үшін өте зор қауіп төндіреді», –  деді ол.

Сонымен қатар экологиялық одақ басшысы елімізде браконьерліктің өте жоғары болып отырғандығына қынжылыс танытты.

«Браконьерік күшті дамып кеткен. Ол браконьерлерге заң жүрмейді. Өзім барып, олардың кез келген жазадан қалай жеңіл сытылып кететіндігін және одан кейін Каспийді тонауын жалғастыратынын көрдім», – деді Елеусізов.

Айта кетейік, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде еліміздегі балық шаруашылығының жағдайы және даму мәселелері талқыланды. Отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев таяу аралықта балық шаруашылығын дамыту Үкімет отырысында қаралатындығын мәлімдеді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуда
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты