jasqazaq.kz

Балтамен атылған!

15 ақпан 2023, 10:41


Қарағанды облысында балта ұстаған ер адам бір жасар баласымен жүрген отбасыға шабуыл жасамақ болған. Оқыс оқиға Саран қаласында болған. Жәбірленуші болған жайды әлеуметтік желіде жариялады. Келіншектің айтуынша, сол күні қайын ағасының үйіне қонаққа барған.
Отағасы үйге кіріп кеткенде, әйел баласымен көлікте отырған. Сол сәтте бейтаныс адам көлікке жақындап, есік тұтқасынан тартып, машинаның фарын сындыра бастаған. Көліктің құлттанып тұрғанының арқасында ана мен бала жарақаттан аман қалған.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствода күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша полицияға тіркелді. Құқықбұзушылық жасаған 58 жастағы ер адам анықталды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Қарағанды облыстық ПД өкілдері.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті