jasqazaq.kz

Балтабек Нұрғалиев орыс тіліне арнап даулы өлең шығарды

04 қантар 2023, 11:05

Шенеуніктерге өлең арнап танылған ақын Балтабек Нұрғалиев oрыс тіліне арнап өлең жазды. Өлеңін ол Facebook парақшасына жариялады.

Бұл туралы “Адырна”  хабарлайды.

Ол өлеңнің әуелі орысша нұсқасын жариялап, кейін көпшіліктің пікірінен кейін ол өлеңінің қазақша нұсқасын ұсынды.

Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,

Мен өзіңді білуге борыштымын.

Орыс тілін білмесем егерде мен,

Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.

Орыс тілім — қанатым қалықтаған,

Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.

Орыс тілі — көркем тіл, әдемі тіл,

Ұлылығын айтудан жалықпағам.

Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,

Өзім білем мен оған сыйынсам да.

Орыс тілі — жанымның шамшырағы,

Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.

Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,

Әлемдегі хаттарды, хабарларды.

Сүюге де міндеткер емеспін мен,

Орыс тілін сүймейтін адамдарды.

Ақынның бұл өлеңіне көптің көңілінен шықпады. Орыс тілін мақтап жазған өлеңіне жағымсыз пікір көп жазылуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде