jasqazaq.kz

Балқашта тәрбиеші баланың аузына мақта тығып қинаған (Видео)

17 наурыз 2023, 21:25

Балқашта балабақша тәрбиешісінің үстінен адамды қинау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тіпті тергеушілер оның ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтіріп отыр. Өйткені күдікті балабақшадағы түзету тобына баратын сөйлеу және дамында ауытқуы бар балаларға білгенін істеген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бейнежазбадан тәрбиешінің тыныш отырған баланың үстіне бар салмағымен жайғасып алғанын анық аңғаруға болады. Дұрыс сөйлей алмайтын балалар тәрбиешіден теперіш көргендерін айта алмайды. Бір ата-ана осы видеоны кездейсоқ көріп қалып, бірден полцияға арызданған. Алғашында қылмыстық іс «кәмелетке толмаған балаға дұрыс қызмет көрсетпеу» бабы бойынша қозалыпты. Бірақ бақылау камарасына түскен басқа видеолар полицейлерді селт еткізген. Онда осы тәрбиеші балаларды ұрып-соғып, ұятты жерлерін шымшып, үстел сүрткен шүберекті аузы мұрнына тыққан. Осыдан кейін қылмыстық іс адамды қинау бабына өзгертіліп, күдіктіге психикалық сараптама тағайындалды. Тіпті бірден жұмыстан шығарылып, балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

— ҚР ҚК 110, яғни «қинау» бабына сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Тергеу орындары соңғы жарты жылдағы бейнежазбалар тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалды шешім қабалданатын болады.

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды