jasqazaq.kz

Баласына дұрыс тәрбие бермеген

08 қараша 2016, 18:13

Алматы облысының 57 тұрғыны баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін жауапкершілікке тартылды.   «Еліміз бойынша кәмелет жасқа толмағандар арасында заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» шарасының бірінші кезеңі аяқталды.

ata-ana

Нәтижесінде өз балаларының тәрбиесіне немқұрайлылық танытқан 57 ата-ана жауапқа тартылды. Барлық 57 жағдай бойынша ҚР ӘК 127-ші бабына сәйкес 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынды», — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі. 7 күнде ювеналды полиция қызметкерлері 436 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. 30-дан астам сауда орындарының иелеріне кәмелет жасына толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды.

????????????????????????????????????

Ойын-сауық орындарында үлкендердің бақылауынсыз жүрген 23 жасөпірім қолға түсті. Түнгі уақытта қыдырған 278 жасөспірім полиция учаскілеріне жеткізілді. Ал 15 жас жеткіншек қаңғыбастық пен қайыр тілегені үшін жасөспірімдері бейімдеу және оқшаулау орталығына жіберілді. Алдын алу шаралары 11-ші қарашаға дейін жалғасады.

ҚазАқпарат

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты