jasqazaq.kz

Баласын сатпақ болған ана жындыханаға жабылды

21 желтоқсан 2016, 21:54

Балқаш қаласында екі жасар қызын отыз мың теңгеге сатпақ болған 22 жастағы келіншекке қатысты сот қаулысы шықты. Тергеу барысында жүргізілген медициналық сараптама оның ақыл-есінде ауытқушылық барын анықтағандықтан, енді келіншек жындыханаға жабылатын болды.

Сәбиді анасының саудаға шығарар алдында екі рет балалар үйіне өткізбек болғаны анықталған. Ақыры маусым айында оны 30  мың теңгеге сатқалы жатқанда полицияның қолына түсті. Қазір екі жастағы қыз жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Анасына жүргізілген тексеріс кезінде оның өз іс-қимылы үшін жауап бермейтінін дәрігерлер растаған. Енді 22 жастағы Қарлығаш Әбдірахманова сот қаулысымен психоневрологиялық ауруханада мәжбүрлі түрде ем қабылдауы тиіс. Ал кішкентай Гүлімді оның анасының туғандары балалар үйінен алып кету үшін құжаттар жинап жатыр екен.

ktk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық