jasqazaq.kz

Баласын 2 миллионға сатпақ болды (Видео)

14 ақпан 2023, 21:15

Алматыда ерлі-зайыптылар туған баласын сатпақ болған. Олар үш күн бұрын дүниеге келген сәбиді 2 миллион теңгеге бағалапты. Заңсыз сауданың жолын полиция дер кезінде кесті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Өзімде екі бала бар. Үшінші баламды бұл кісілер бала көтермегендіктен, құрсақ көтермегендіктен беруге тура келді.

Полицияның мәліметінше, аталған отбасы бұл қылмысты бала құрсақта жатқанда жоспарлап, болашақ ата-анасын таныстары арқылы іздеген. Тірі тауарды алатын адамдар да табыла кетіпті. Перзетханадан шыға салысымен 25 жастағы әйел мен оның күйеуі бірден мәміле жасауға барған. Алайда бауыр еті баласын саудаға салған ерлі-зайыптылар ақша алып жатқан сәтінде қолға түсті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы әлі тағайындалған жоқ. Ал уызға да тойып үлгермеген нәресте балалар үйіне жіберілді.

Еркін Өтегенов, Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысы:

— ҚР ҚК 135-бабы, 2-тармағына сәйкес іс қозғалды. Бас бостандығынан айыру мөлшері 12 жылға дейін. Күдікті ерлі-зайыптылардың мына баланың алдында тағы да екі кішкентай баласы бар. Ұл бала қазіргі таңда балалар үйінде.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка