
Ғаламторда Жаңаөзенде автомобильдің бір баланы қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды. Видеоны Aktau-business.com сайты жариялады. Видеодағы уақытқа қарағанда, оқиға 13 желтоқсанда кешкі уақытта болған.
tengrinews.kz хабарлағандай, видеоның кадрында, екі баланың жол шетінде жеке сектордың алдында тұрғаны түскен. Бір мезетте, олардың бірі жолды кесіп өтпек болып жүгіреді, осы кезде автокөлік баланы қаққан. Осыдан кейін көліктің жүргізушісі тоқтайды. Артында келе жатқан көліктерде тоқтайды. Бұдан басқа мәліметтер жоқ.