jasqazaq.kz

Баландин да келді Алматыға

15 тамыз 2016, 11:32

0ce1d48a746dc388c4a85de8d9c8eb4b

Ел тарихында Олимпиадада тұңғыш рет жүзуден алтын алған 21 жастағы Дмитрий Баландин бүгін Алматыға оралды.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан XXXI жазғы Олимпиада ойындарында жүлделі оралған Олимпиада чемпионын халықаралық әуежайдың VIP-терминалында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, сондай-ақ Дмитрий білім алатын осы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, спорт саласындағы ұйымдардың өкілдері, жас спортшылар, қала тұрғындары — барлығы 300-ден астам адам зор қуанышпен қарсы алды.

Өз кезегінде Дмитрий Баландин «Бізге қолдау көрсеткендеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңызды біз қашанда сезініп жүрдік. Мен үшін елімізді әлемге таныту, көк Туды желбірету асқан мәртебе», — деді. Дмитрий Баландинмен бірге Алматыға оның ата-анасы мен жеке бапкері Алексей Казаков, сондай-ақ, шалқалап жүзуден қазақстандық спортшы Екатерина Руденко, бас жаттықтырушы Олег Вагизов ұшып келді.

 

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық