jasqazaq.kz

Балаларға хиджама жасау: қазақстандықтар петицияға қол қойып жатыр

03 ақпан 2023, 17:11

Атырауда сәбилерге арналған хиджама (қан алу) процедурасы резонанс тудырғаннан кейін қазақстандықтар мұндай айла-шарғыны балаларға жасауға тыйым салу туралы петиция бастап, жаппай қол қойып жатыр, — деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Хиджама — бұл қан шығару процесі, ол теріні тілу арқылы жасалады. Бұл әдіс ортағасырлық медицинада танымал болған, бірақ қазіргі дәлелді медицинада бұл процедураға жүгіну өте шектеулі.

Денсаулық сақтау министрлігі хиджама лицензияланған медициналық көмекке жатпайтынын растады. Соған қарамастан, хиджамамен айналысатын дәрігерлер қызмет көрсетуді және соның ішінде балаларға да ұсынуды жалғастырып отыр.

Бір топ қазақстандық медицина саласының мамандары мен ғалымдары Денсаулық сақтау министрлігін баламалы медицина тәжірибесі мен хиджаманы қолданумен байланысты әрекеттерді, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты осы тәжірибені қолдануды реттеуге араласып, шара қолдануға шақырған петиция бастады.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті