jasqazaq.kz

Балалар сату, элиталық эскорт және діни топ: ІІМ қылмыстық схемаларды анықтады

12 желтоқсан 2025, 10:01

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді: барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген.

Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілуде.

Түнгі ойын-сауық орындарын жүйелі тексеру барысында Шымкентте, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында азаматтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қанаудың әртүрлі фактілерінің жолы кесілді. Астанада полиция мен прокуратура бірлесіп, теміржол вокзалы маңында рейдтер жүргізді. Азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын «рухани орталық» ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында «элиталық эскорт» ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды. Олар түнгі клубтар мен барларға жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларының түнгі ойын-сауық орындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның мақсаты — азаматтарды қылмыстық қанау тәуекелдерінің алдын алу, жастарды асоциалды әрекетке тарту фактілерін болдырмау және қоғамдағы моральдық құндылықтарды нығайту.

Сурет: Видеодан кадр
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура