jasqazaq.kz

Балабақшадағы былық

18 мамыр 2016, 1:29

detsad_2

Алматыда атышулы балабақшадағы былықтар расталды. Ата-аналардың байбаламы бекер емес екен! Алматыда атышулы №123-ші коррекциялық балабақшаны тексергендер бірталай былықтың бетін ашты. Сөйтсе мұнда, науқас бүлдіршіндердің тоя тамақ жемегені былай тұрсын, ем-дом шаралары да дұрыс жүргізілмепті.

Бұған қоса, ата-аналармен қуаласпақ ойнаған мекеме меңгерушісінің жұмысқа өз туыстарын қабылдағаны да расталды. Мұнда Гүлнар Наурызбаеваның туған әпкесімен қатар, тағы бірнеше жақыны қызмет еткен. Қалалық білім бөліміндегілер қазір бұл олқылықтардың бәрі жойылды деп сендіріп отыр. Дегенмен, атышулы балабақша бір жыл бойы қатаң бақылауда болып, әрбір екі ай сайын тексеріліп отырмақ. Қазір меңгеруші қызметін осында бұрыннан еңбек етіп келе жатқан тәрбиеші атқаруда. Алдағы уақытта арнайы конкурс өткізіліп, жаңа басшы сайланбақ.2 ай бұрын ата-аналар балабақшадағы бүкіл былықты жайып салған. Осыдан кейін, мекеме басшысы жұмыстан қуылған болатын.

КТК

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты