
Үш жастағы балақай баспалдақтан құлап, алған жарақатынан мерт болған.
365info.kz хабарлағандай, енді Қызылқоға ауданындағы балабақшаның тәрбиешісі өз міндетіне салғырттық танытқаны үшін сотталды.
Оқиға биыл жазда аудан орталығы Миялыдағы «Балдәурен» балабақшасында болған. Балабақшада жүріп, баспалдақтан құлаған бала басын соғып, жарақатынан көз жұмған.
Қызылқоға аудандық соты балабақша тәрбиешісін айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды.