jasqazaq.kz

Бала жоғалып табылды (Видео)

30 қантар 2023, 13:42

Екі күннен бері іздестіріліп жатқан жасөспірім табылды деп хабарлайды JQ-Aqparat Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданында полиция бөліміне 10 жастағы баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түседі. Полиция қызметкерлері, өрт сөндіру қызметі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, облыстық полиция департаментінен екі іздеу тобы келіп шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл ауылының тұрғындары да жасөспірімді табуға күш қосады. Баланы бос тұрған үйдің бірінен Жауар ауданының инспектор-кинологы О.Нұрлан қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тапқан.

«Бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді, қазір дәрігерлер оны қарап жатыр. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, отбасымен жұмыс жүргізіледі», – деді Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Р.Әлижанов. Полиция бөлімінің бастығы іздестіру жұмысына жұмыла кіріскен аудан тұрғындарына алғысын жеткізді.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики