jasqazaq.kz

Бала саудасына тосқауыл ма?

13 ақпан 2023, 15:50

Жаңа туған баланы тастап кету оқиғаларын хабарламаған мемлекеттік медициналық ұйымдарға жаза күшейтілмек. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен әзірленген бұл ұсыныс «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Жаңа өзгеріске сай, еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 135-1-бабы енгізілмек.
Жаңа редакцияда жазылғандай, мемлекеттік медициналық ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісін 3 күнде хабарламауы ескерту жасауға әкеп соғады.
Көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ. Енді тиісті өзгеріс күшіне енсе, онда бұл бағыттағы істерді қарау құзыреті бала құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі. Баланы тастап кету фактілерін хабарлау, ішкі істер органдарына хат жолдау уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарларына жүктеледі.

Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады. Содан кейін қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті