Бүгін зардап шеккен оқушылардың саны 12-ге жетті. Оларға тәттілерді дүйсенбі күні көшеде бейтаныс адам берген екен. Қазір соны полиция тексеруде.
Оқиға қала маңындағы Тасбөгет ауылында болған. Сабақтан шыққан № 176 мектептің алтыншы сынып оқушыларына әлдекім құтыдағы тәттілерді беріпті.
Кәмпит Қазақстанда шығарылмаған сыңайлы. Оны жеген жеткіншектердің жүректері айнып, шетінен лоқсыған. Бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тексеріс басталды. Жергілікті полиция қызыметкерлері кәмпит берген адамды іздестіруде. Ал ауруханаға жеткізілген 12 баланың 6-уы үйіне жіберілсе, қалғаны әлі сонда жатыр.