
Бәріне ортақ журналистика
Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы
Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу.
Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр.
Сонымен қатар қатысушыларымыз елге танымал өнер жұлдыздары, спорт саңлақтарымен сұхбаттасып журналистиканың сұхбат жанрын меңгеруде.
Курсқа онлайн қатысушы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласынан үн қосқан Жанерке Төлегеннің жазуға қабілеті бары әрбір жазбасынан айқын аңғарылады. Сайт оқырмандарына авторымыздың ішкі тебіренісінен туындаған мөлтек ойларын ұсынамыз.

Бақытқа жету жолы – еңбек
Бақытты әр адам өзінше елестетеді. Себебі бақыт деген әр кімге әр қалай.Бірі астымда көлігім енді бірі мәңгі бірге болатын өмірлік серігім болса дейді.Меніңше нағыз бақытқа жету үшін алдымен еңбектену іздену қажет тәрізді.Неге десеңіз тек қана бақытқа жету жолында ғана емес әр нәрсеге қадам басар алдында алдымен еңбектеніп өз-өзін жетілдіріп алу керек деп ойлаймын.Себебі бақытта байлықта ешкімге өздігінен келмейді.
Сіз осы жолда терең ойға батып «Егер менің жеке көлігім, үйім, ақшам болғанда, бақытты болар едім деп ойлауыңыз ғажап емес
Әрине, бұндай мақсаттардың болғаны жақсы. Бірақ материалдық құндылықтар ешқашан адамды шынайы бақытты ете алмайды, себебі, дей тұрғанмен, басқа жанда аталған дүниелердің «қымбатырағы, әдемірегі, үлкенірегі» болуы мүмкін.
Менде бәрі жақсы, ештеңе өзгертудің қажеті жоқ»
Бұл осыған дейінгі айтылған қағидаға қарама-қарсы келетін жағдай. Әлеуметтік ортадан тығылып, өз әлеміңізде, өзіңізбен өзіңіз ғұмыр кеше аласыз, бірақ өмір-өзен тынымсыз ағып жатады. Адам кез келген уақытта ұлы өзгерістерге дайын болу керек. Бір орында қозғалмай тұру – артқа шегінумен бірдей. Сондықтан тек жаңа, жақсы дүниелерге ұмтылуға тырысыңыздар!
Біреуге бақыт — ақшаның молдығы, басқаға — махаббатын табу. Неғұрлым көп жақсы, жағымды заттар жайлы ойласаңыз, соғұрлым өзіңізді бақытты сезінетін боласыз. Өзгенің мінін іздеуге тырыспау керек, керісінше, жақсы жақтарын көре білуге ұмтылуымыз қажет!Ойшыл Әбу Насыр Әл Фарабидің сөздерінде
Адамның басына дарыған төрт түрлі нәрсеге халықтар мен қала тұрғындары қол жеткізсе,олар бұл өмірде дүние бақытына, басқа өмірде алыс бақытқа жетеді. Бұлар теорялық ізгіліктер,ойшылдық ізгіліктер,этикалық ізгіліктер,практикалық өнерлер.
Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
Шыншылдық адалдықпен ағалас.
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
Шын білім – ақиқат, анық білім.
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек.
Мінез – жанның айнасы.
Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
Сұлу саз жан сергітеді.
Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.
Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады делінген.Ендеше,өзіңіз ойлаған нағыз бақытқа қол жеткізгіңіз келсе,ізденіңіз еңбек етіңіз.Сонда ғана сіз үшін бақытқа жетудің еңбегі сол болмақ.
Жанерке Ерболқызы,
І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан,
Орал қаласы