jasqazaq.kz

Бақытбек Смағұл Кенесары ханның басын қайтаруды сұрады (Видео)

11 қантар 2023, 15:55

Былтыр Кенесары ханның туғанына 220 жыл толды. Қазіргі уақытта оның бас сүйегі Мәскеудегі этнографиялық мұражайда уақытша сақтаулы тұр. Осыған қатысты бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытбек Смағұл, премьер-министр Әлихан Смайыловтан Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығын Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесіне қолдау білдіруін сұрады.

«2021 жылы географиялық қоғам ұйымдастырып, Қазақстаннан арнайы барған комиссия және мамандар, Ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын сәйкестендіру жұмыстарымен айналысты. Тарихи, антропологиялық, мұражайлық және мұрағаттық зерттеулер кешенінің қорытындысында мылтықтың ханға 100% тиесілі екені, ал бас сүйек Кенесары ханның бас сүйегі екендігіндегі сәйкестік 90%-дан жоғары екені анықталды. Сондықтан Әлихан Асханұлы әділетті Қазақстанда тарихи әділдікті қалпына келтіру мақсатында Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Қазақстанға қайтарып, хан сүйегін Астанадағы Ұлттық пантеонда жерлеуді, ал мылтықты Ұлттық мұражайға тапсыруды ұсынамын және осыған қолдау білдіруіңізді сұраймын»,- деді депутат.

Депутаттың айтуынша, бұл шара ел рухының асқақтауына, отаншылдықтың күшеюіне және ел астанасындағы туризмнің дамуына айрықша ықпал етеді екен.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді