jasqazaq.kz

БАҚ өкілдері қиядан құлдилады

31 қантар 2023, 13:04

Журналистер арасында тау шаңғысы спортынан биылғы жылдың алғашқы додасы өтті. БАҚ өкілдері арасында тау шаңғысынан Қазақстан кубогын ұйымдастырған Oi Qaragai тау шаңғы демалыс кешені.

Қалам, қағазын бір ауық шаңғыға ауыстырып, ой сергітіп, бел жазып, сейілге шыққан журналистердің додасы тартысты өтті. Өйтетін де жөні бар. Тау шаңғысын табанына іліп ап құйындай жүйткуді ертеден білетін кәнігі шаңғышылар мен сырғанаудан бұрын алдымен құламаудың қамын көбірек күйттейтін жаңадан үйренушілер де бәйге төбенің басынан табылды.
Қыздар арасындағы жарыста Қазақстан кубогының чемпионы атағы журналист-фрилансер Анастасия Наумецкаяға, күміс медаль «Курсив» газетінің журналисі Наталья Качаловаға, қола медаль «Время» газетінің қызметкері Ирина Баженоваға бұйырды.

Ерлер додасында Prosports.kz порталының журналисі Егор Ильиннің екпіні ерекше көрінді. Оның уақыт нәтижесі өзге қатысушылардан әлдеқайда жоғары болды. Күміс медаль Tengrinews тілшісі Владимир Прокопенкоға, қола жүлде «Информресурс» агенттігінің директоры Андрей Кукушкинге бұйырды. Қазақстан кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, бағалы сыйлықпен марапатталды.

Oi Qaragai тау шаңғы демалыс кешені осы жылдан бастап журналист шаңғышылардың федерациясымен (SKIJ) әріптестік байланыс орнатып, БАҚ өкілдеріне тау сілемінде сырғанауына мүмкіндік туғызып келеді. Журналист шаңғышылар федерациясының президенті Ирина Баженова турнирді ұйымдастырған Oi Qaragai тау шаңғы демалыс кешенінің ұжымына сайысқа қатысушылар атынан алғысын жеткізді.

Қуаныш Рахмет,
Суреттерді түсірген Ғалия Қалиева

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді