jasqazaq.kz

БАҚ: Мәскеуде «Қазақстан аруы-2000» қатысушысының мәйіті табылды

29 қараша 2022, 15:57

Мәскеуде «Мисс Қазақстан-2000» қатысушысы Наталия Стешенконың мәйіті табылды. Оны өз пәтерінде ес-түссіз жатқан жерінен баласы тауып алған, деп жазады NUR.KZ.

MK.RU сайтының хабарлауынша, 37 жастағы актриса Мәскедің Ростовская жағалауындағы пәтерінен өлі күйде табылған. Құқық қорғау органдары қазір Стешенконың қайтыс болу себебін анықтауда. «Вечерняя Москва» басылымы актрисаның дүйсенбі, 28 қараша күні табылғанын жазды. Басылымның мәліметінше, ес-түссіз жатқан Стешенконы баласы тауып алып, көршілерін көмекке шақырған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Себебі ол дәрігерлер келмес бұрын өмірден өтіп кеткен. Наталья Стешенко Павлодарда дүниеге келген. Ол 2000 жылы «Қазақстан аруы» атағын жеңіп алды. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетін бітіргеннен кейін Мәскеудің «Луна» театрында жұмыс істеді. Сонымен қатар, актриса «Инспектор Купер» және «Лига обманутых жен» сериалдарында ойнады. Ол «Лига обманутых жен» сериалында басты рөлді сомдаған.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті