jasqazaq.kz

Байқоңыр, Төретам, Ақай тұрғындары жеңілдетілген медициналық көмек алады

17 наурыз 2023, 11:58

Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Төретам мен Ақай кенттерінің тұрғындары арасында зейентақыны Ресей федерациясынан алатындары бар. Сол себепті де МӘМС аясында жеңілдетілген көмек берілмейтін еді. Осы мәселені көтеріп Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа сенатор Ақмарал Әлназарова депутаттық сауал жолдаған болатын. Сенат депутатының сауалына үкімет басшысы былай деп жауап қайтарды.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, оның ішінде Ресей Федерациясының зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына жеңілдікті медициналық көмек көрсету үшін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына тиісті түзетулерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін жетілдіру заңға тәуелді құқықтық актілер шеңберінде қарастырылады. Жалпы, аталған бағыттағы жұмыс жалғасады және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады».

Демек, алдағы уақытта байқор қаласының һәм Төретам, Ақай кенттерінің тұрғындары да МӘМС жеңілдетілген көмегін алатын күн де алыс емес.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта