jasqazaq.kz

БАӘ-де 168 ел жаңартылатын энергия көздері мәселесін талқылады

16 қантар 2023, 10:43

Қазақстан ұзақ мерзімді перспективада энергия көздерін әртараптандыратын болады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Әбу-Даби қаласында өткен IRENA ассамблеясының ХІІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық агенттік (IRENA) ассамблеясының сессиясында жаңартылатын энергия көздері мәселесі талқыланды. Оған 168 елдің делегаттары қатысты.

Ассамблеяның пленарлық сессиясында баяндама жасай отырып, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамытуға үлкен көңіл бөлетінін, 2060 жылға қарай көміртекті бейтарап ел болуға ұмтылатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек Қазақстан тұрақты даму мақсаттарына, Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға міндеттенеді және ұзақ мерзімді перспективада энергия көздерін әртараптандыратын болады.

Форум жұмысына қатысу аясында қазақстандық делегация IRENA басшылығымен екіжақты кездесу өткізді. Оның барысында Қазақстанда Орталық Азия елдері бойынша семинар ұйымдастыру туралы мәселе талқыланды. Семинар көрші елдердің энергетикалық ауысуды жеделдету және өңірдің ауқымды жаңартылатын ресурстарын пайдалану жөніндегі бірлескен күш-жігеріне арналған.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка