
Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі түрлі сөйлейді. Нақтырақ айтсақ, осы екеуінің индустриалдық аймақтар бойынша мәліметі бір-біріне қайшы.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бүгін Астанада өткен жиында үкімет мүшелеріне емес, «Атамекенге» көбірек сенетінін мәлімдеді. Ол «Мен өзіміздің адамдарға қарағанда «Атамекенге» көбірек сенемін. Олардың ( үкімет мүшелері.-ред.) бояу қосып, шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет бергені қажет емес. Біз көбіне өңірлердегі және министрлік аппаратындағы әріптестеріміз ұсынатын мәліметтерді пайдаланып жүрміз»-деді