jasqazaq.kz

Бақтияр наградамен марапатталды

13 желтоқсан 2016, 15:59

Бүгiн ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде лаңкестiк акт кезiнде ерлiк жасаған Бақтияр Қайырбековты III дәрежелi «Айбын» орденiмен Бақтияр Қайырбековты марапаттады. Мемлекет басшысы өз сөзiнде Бақтиярдың өз өмiрiн қатерге тiгiп, әскери қоймаға жасалған террористердiң қарулы шабуылына тосқауыл қойып, олардың көзiн жойғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
Жоғарғы наградаға ие болған жiгiт салтанатты рәсiмнен кейiн лебiзiмен және сол қауiптi оқиға жайлы естелiгiмен бөлiстi.

bnews.kz хабарлағандай, «көңiл-күйiм жақсы, марапат алғаныма қуаныштымын. Марапатты жайдан жай ешкiм алмайды ғой. Өзiм офицер мамандығын таңдадым, дегенмен генералға әзiрше ойым жоқ. Генералға дейiн әлi көп уақыт керек, тәжiрибе жинау қажет. Өзiм, iсiмдi жалғастырып, ақырындап әскери шендерiмдi ала беремiн. Мемлекет басшысынан марапат алғанымда iштей толқыдым», — дейд Б.Қайырбеков.

Ол өз сөзiнде жақсы офицер болуды армандайтынын айтты. Оның пiкiрiнше, жақсы офицер басқа офицерлер мен жас сарбаздарға үлгi бола бiлуi керек.

«Ал оқиғаға келсек, ол 5 маусым күнi Ақтөбе қаласында орын алды. Мен сол күнi әскери бөлiмде, әскери қалашықтың iшкi күзетiнде болдым. Ауысымға 20 минут қалғанда бақылау-өткiзу пунктi жақтан атыс дауысын естiдiм, бастапқыда оқу-жаттығулар деп ойлап қалдым. Далада айғай шу басталып кеттi. Барлығы 16 террорист болған, маған алтауы шабуылдап, оқ атты. Мен қаруды қолданып, бiр лаңкестiң көзiн жойдым. Әрине қорқынышты болды, бүкiл өмiрiм көз алдымнан өте шықты. Бiрден ата-анам есiме түстi. Мен бiрден «егер мен өлтiрмесем, менi өлтiредi» деп ойлап, әрекет еттiм. Мен өзiмдi батыр деп санамаймын, мен алдыма қойылған мiндеттi атқардым», — дейдi Б.Қайырбеков.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық