«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов алғаш рет өзінің авторлық туындысына жеке бейнебаян түсірді.

«Досқа сыр» әнінің авторы Бағланның өзі болып табылады. Ал ән мәтіні ақын Серік Сейтманға тиесілі.
Бейнеклип адал достықты ту еткен қос азамат туралы әңгімелейді. Бала күнінен “құлын тайдай тебісіп, бірге өскен” достардың есейіп ер жеткенше, одан кейін қарт болғанша бір-біріне адал болуын көрсетеді.
Естеріңізде болса, жұрт «Бағлан «Жігіттер» тобынан кетеді» деп шуласты. Тіпті, бұл туралы БАҚ құралдары жарыса жазды. Бұл әңгіме аталған бейнебаянға байланысты туған.
stan.kz