jasqazaq.kz

«Б/У» гүлдің саудасы. Шын көңілмен сыйлаған гүлді сату дұрыс па?

18 ақпан 2025, 12:10
 pixabay.com

pixabay.com

Байқасаңыз, соңғы жылдары интернет платформаларда қыздардың сыйланған гүлді сатылымға шығаратыны белең алды. Әсіресе, 8 наурыз мерекесінен кейін мұндай хабарландыру тіпті көбейеді.

Жігіт сыйлаған гүл біраз уақыттан кейін сола бастайды. Сондықтан кейбір қыздар гүлді сатып жіберген дұрыс дейді.
Мысалы, Алматыда хабарландырудағы гүлдер әр түрлі бағамен сатылып жатыр. Олардың бағасы 3 000 теңгеден бастап, 15 000 теңгеге дейін барады.
Бұл гүлдердің көпшілігі қолданылған («б/у» деп көрсетілген), бірақ кейбіреулерін «жаңа» деп жазып қояды. Демек гүлді біреуге сыйлық ретінде алып, кейін оны сатуға қойған жағдайлар да кездеседі.

Алматы тұрғыны ғашығына гүлді осы бір сатылым порталдарынан алғанын айтады.
“Себебі арзан, жаңасын барып жасатсам, қымбатқа түседі, әрі ол қызға ұнамай қалуы мүмкін. Жаңа гүл мен қолданылып сатылған гүлдің айырмашылығы аса білінбейді”, — дейді.
Психолог Меруерт Айталы бұл құбылысты былай түсіндіреді:
«Қыздарда өзі эмоция алғаннан кейін басқасы да алсын деген мақсат болуы мүмкін. Егер қыз қаржы жағынан қиналса, құр босқа солып қалғанша сатқысы келеді.»
Психологтың айтуынша, гүл алған қыздар алдымен шаттанып, сыйлықты қабылдайды. Біраздан соң пайда табу мүмкіндігін де ойлай бастайды.
Кейбір жігіттер мұны жақтырмай, «құнсызданған сыйлық» деп қабылдауы мүмкін. Бұл туралы психолог:
«Жалпы жігіттер қауымы шығындалып гүл алғаны, әрине, оның еңбегін құнсыздандырған секілді болуы мүмкін. Ол қалыпты жағдай. Бастысы, қыздардың гүл алған сәттегі эмоциясы.»
Гүлді сату – бұл кейбір қыздар үшін табыс көзі, ал басқалары үшін жай ғана қажетсіз заттан арылу тәсілі. Бұл әрекетті қалай қабылдау – әр адамның өз көзқарасына байланысты. Ең бастысы, гүл сыйлау – әлі де көңіл бөлу мен қамқорлықтың белгісі болып қала бермек.

Олжас Әбдіхалық

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық