jasqazaq.kz

Бүтін бір өзен жоқ болып кетті

18 сәуiр 2017, 16:27

Канада мен АҚШ ғалымдары Солтүстік Америкадағы өзендердің бірі 2016 жылы тартылып жоқ болып кеткенін анықтады. Бұл туралы ғалымдардың Nature Geoscience журналында жарияланған мақаласында айтылған.

Мамандар анықтағандай, Канаданың Юкон провинциясында ағып жатқан Слимс өзені 2016 жылы түгел тартылып кетіпті. Ол солтүстікке қарай ағып, Слимс көліне құйып келген.

Өзеннің жоғалуына Канададағы ең ірі мұздықтардың бірі Каскавлуштың шөгіп кетуі себеп болыпты. Табиғи құбылыс мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан жерасты өзендерінің жүйесін бұзған. Салдарынан мұздықтан ағып шығатын су солтүстік бағытқа емес, оңтүстікке қарай Тынық мұхитына аға бастапты.

caravan.kz хабарлағандай, ғалымдардың айтуынша, жаһандық жылынудың салдарынан мұздық шөгіп, өзен біржола тартылып кеткен. Слимс өзені 2015 жылы ағып жатқан болатын. Былтыр спутниктен түсірілген фотосуреттер оның мүлдем жер бетінен жоғалып кеткенін көрсетіп отыр. Мамандар бұл жағдайдың жергілікті экожүйеге кері әсер ететіні анық дейді. Дегенмен, аймақта ауызсу тапшылығы болмайды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық