jasqazaq.kz

Бұрынғы сүйіктісі Расул Мирзаевқа «тапсырыс» берген

01 ақпан 2017, 15:20

Ресейлік атақты спортшы Расул Мирзаевқа шабуыл жасауды мұның алдында айырылысқан сүйіктісі тапсырыс берген болып шықты, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Мәскеулік тергеушілер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтапты. Алайда олар әлі де ұсталмаған. Олар алдын тастап кеткен қыздың ағалары болып шыққан. Шабуыл жасалған күні қаскөйлерге есікті ашып берген қыз тапсырыс берушінің құрбысы екен. Ол да анықталған.

Сонымен қатар, басылым оқиғаның мән-жайын жариялады. Сөйтсек, ұрып-соғу кезінде Расул Мирзаевтың басына қаскөйлердің бірі «Сайга» карабинін кезеп, қарындасынан кешірім сұрауын талап етіпті. Алайда спортшы қарсылық көрсеткен соң, шабуылдағандар қашып кеткен. Төбелес кезінде травмат қаруынан Расулға оқ атылған. Салдарынан спортшы ауыр жарақат алған.

Ал осыған дейін шабуыл жасағандардың суреті жарияланған болатын. Күдіктінің суретін көрген спортшы оның шабуыл жасағанын нақтылап берген.

Күдікті Камиль Аллахвердиев

Еске салайық, Расул Мирзаевқа шабуыл 31 желтоқсанда Мәскеудегі Восточный көшесінде жасалған. Тұрғын үйдің маңында белгісіздер Мирзаевтың бетіне пневмат тапаншасынан оқ атып, таяқпен ұрып-соққан. Ол ауруханаға жеткізілген. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған болатын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық