
Белгілі әнші Бүркіт жастар «ғашықтар күні» немесе «Әулие Валентин күні» аталып кеткен бүгінгі мерекеге өз басының қарсы екенін білдірді. Бұл туралы Caravan.kz хабарлады.
Әнші бұл күнге қатысты жеке пікірін әлеуметтік желіге жариялапты.
«Қазақтың жігіттері мен қыздарына айтарым бүгінгі мейрам біздің мейрам деп ойламаймын. Ол мұсылман халықтарына жат мейрам, сондықтан да адаспаңыздар, бауырларым, қарындастарым. Аман болыңыздар. біздің махаббаттарымыз онсыз да шынайы», дейді өз сөзінде Бүркіт.
Дегенмен, бірқатар жұлдыздар өз парақшаларында жастарды мерекелерімен құттықтап, түрлі жазбалар қалдырған.