Баян Есентаева өзінің жеке өміріне қатысты түрлі әңгімелерден мезі болған ұқсайды. Танымал продюсер жуық арада бар шындықты өз аузымен айтып беретінін мәлімдеді.

“Жоқ, менің жаным ауырып тұрған жоқ, жоқ, мен мұңайып та тұрған жоқпын. Мен үйреніп қалғанмын. Бар шындықты айтып беруге мәжбүрмін. Мен құрбан емеспін, тек әйелмін, бұл туралы да айтатын боламын… Құрастырмаңыздар, ойдан шығармаңыздар, бәрі жайында өзім айтып беремін. Жақында”, – деп жазды Есентаева желідегі парақшасында.
