jasqazaq.kz

БҚО-да заңсыз киік аулаушыға сот үкімі шықты

22 желтоқсан 2016, 2:56

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз атып алған азаматқа қатысты сот үкімі шықты.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Р.Щербинин биылғы қыркүйек айында Тасқала ауданы Мереке ауылдық округіне қарасты Аққұс қыстағының маңында заңсыз бес киік атып алған. Көп ұзамай ол киіктердің тұтас етімен Тасқала ауылының тұсында ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлерінің қолына түсті. Тасқала аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлімі 2, 4-тармақтарына сәйкес, Р.Щербинин айыпты деп танылды. Оған 3 жылға аң аулау құқығынан айырумен бірге 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 2 386,125 мың теңге материалдық залалдың толық көлемде өндірілуіне байланысты прокурормен айыпталушының кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық