jasqazaq.kz

Бұл саяси ребрэндингтің басы ғана

02 қараша 2016, 14:40

qazaqstan

Елімізді халықаралық жазбалардағы атауының бірінші әрпін латынның «Q» әрпіне көшіру туралы мәселе бұрыннан айтылып келе жатқаны белгілі. Алайда қоғамдағы түрлі ортада, ақпарат құралдарында айтылып жүрсе де бұған  биліктің нақты көзқарасы білдірілмей келген-тін. Бірден айта кетерім,  Сенат төрағасының саяси тұрғысынан болсын, лингвистикалық жағынан да өте дұрыс ұсыныс санаймын. Задында еліміз латын қарпін пайдаланған Кеңес Одағы кезінде де «Qazaqstan» деп жазылып жүр едік, тәуелсіздік алған жылдары «Kazakhstan» боп кеттік. Қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті кезінде «Socialdi Qazaqstan» атауымен шығып келгені тарихтан мәлім. Қазір барлық еліміздегі ақпарат агенттіктерінің сайттарының латын нұсқасында елдің атауы «Q» әрпімен басталып, жазылып жүр. Еліміздің түбінде латын қарпіне көшетіні белгілі болса, «Q» қәрпіне жазылу бұл еліміздің әліпби ауыстыру науқаны алдындағы маңызды саяси ребрэндинг деп атаған болар ем.

Ағылшын тілінде «Q» əрпінен басталатын жалғыз ғана «Qatar» мемлекеті ғана болып келген. Осы «Qatar» елінің атауы араб тілінде Қатар боп айтылатынын біреу білсе, біреу біле бермес. Тіпті, осы араб қарпін пайдаланатын Қытайдағы қандастарымыз оны Қатар деп «Қ» әрпінен бастап айтады.  Демек, бұл «Q» әрпінің қазақ тіліндегі «Қ» әрпінің нақты баламасы екенінің дәлелі.  Қатардың қатарына көп ұзамай Қазақстан қосылса, өзбасым лингвистикалық әділеттілік орнаған болар еді деп те ойлаймын. Оның үстіне әлемдік жарыстарда әліпбидегі реттілік бойынша Қатар сияқты бақуатты мемлекеттен кейін Қазақстанның аты аталып жатса жақсы емес пе?   Соның ізін ала, көп ұзамай алдында ағылшынша «K» əрпінен басталып, жазылып келген қазақ тілінденгі көп сөз «Q» əрпіне ауыстырылуы да мүмкін ғой. Бұл дегеніміз «қ» әрпі бар сөздер латын нұсқасында Ақорда-Aqorda, Қызылорда-Qyzylorda, Қаскелең-Qaskelen, Талдықорған-Taldyqorgan, Қазалы-Qazaly, Қарағанды-Qaragandy, Қызылағаш-Qyzylagash, Қостанай-Qostanay, Қарқаралы-Qarqaraly деп жазыла бастайды. Ендеше бұл саяси ребрендингтің басы ғана санаймын.

Мемлекетіміздегі Конституция бойынша билік тізгініндегі екінші адам «Qazaqstan» болуы керек деп айтып жатса, бұл еліміздің латын қарпіне көшуі алдындағы маңызды қадам деп ойлаймын. Тіпті, отандық бизнес, банк ісі латын қарпіне көшіп те қойды.  Оған дәлел,  Qazaq banki, Qazaq Air, Qazkom, Qazaq Brand жазулары осыған нақты дәлел бола алады. Ендігісі тек мемлекетіміздің атауын «Q» әрпінен бастау жазу үшін саяси шешім шығару ғана қалды. Әзірге сең қозғалды. Сол қуантады.

kanat

Әуесбайдың Qанаты, публицист      

 

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции