jasqazaq.kz

Бұл облыс мал дәрігеріне мұқтаж

15 наурыз 2017, 22:43

Павлодар облысында ветеринария саласы бойынша 16 маман жетіспейдідеп. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен алқа отрысы кезінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов мәлім етті.

— Ветеринария саласындағы қиындықтардың бірі – маман тапшылығы. Қазір осы мәселені шешу бойынша жұмыс жүргізудеміз. Әкімдерге бос орындарды жас мамандармен қамту жөнінде хат жібердік. Сонымен қатар, оқу жылының соңында осы мамандық бойынша бітіретін түлектерді шақырамыз. Мәселен, мұғалімдер мен әлеуметтік сала мамандары секілді ветеринарлар да «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша үй және бір реттік көтерме ақы алуға мүмкіндіктері бар, — дейді Қайыржан Байжанов.

Ведомство басшылығының айтуынша, қазіргі таңда Ертіс ауданында екі және Лебяжі, Успен, Шарбақты аудандарында бір-бір маманнан жетіспей тұрса, Баянауыл ауданына ветеринария мамандығын меңгерген тоғыз адам қажет. Маман тапшылығының салдарынан көптеген заңсыздықтар орын алған. Мәселен, кейбір аудандарда мал дәрігерлердің орнында заңгерлер мен инженерлер жұмыс істесе, ветеринарлық пункттердің директорларының міндетін зоотехник мамандары атқаруда. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

— Өздеріңіз білесіздер, Баянауыл ауданы елімізге әйгілі қаншама ғалымдар шыққан жер. Мұндай жерден мал дәрігері шықпауы мүмкін емес. Жастарды оқытып дайындау керек, — деді облыс әкімі Болат Бақауов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық