jasqazaq.kz

«Бәйтерек DEVELOPMENT»-тің бұрынғы басшыларын қамауға алу мерзімі ұзартылды

01 наурыз 2017, 16:18

Астана қалалық соты ірі сомада пара алды деген күдікпен ұсталған «Бәйтерек DEVELOPMENT» компаниясының бұрынғы лауазымды тұлғаларын қамауға алу мерзімін ұзартты.  ҚазАқпарат хабарлағандай, 2017 жылы 2 ақпанда Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты күдіктілер Айтымбетов Б.Б., Анарбай Д.А., Сәриев Г.Б., Смағұлов К.Н., Есмұханов Б.К., Жұманазар Е.Н., Комаров А.С., Жақыпов А.К. қатысты қамауға алу мерзімін 2017 жылдың 17 наурызына дейін созды. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушыларының бірі — бұрынғы басқарма төрағасы Б. Жақсыбаевты қамауда ұстау мерзімі 2017 жылдың 30 наурызына дейін ұзартылды.  Еске салайық, «Бәйтерек Development» АҚ басшылығы аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен тергеуге алынды. Оларға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтарда жалдамалы баспаналар салу бойынша сатып алулар кезінде құрылыс компанияларының мүддесін қолдап келді деген айып тағылуда. Қараша айының соңғы күндерінде Астана қ. Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен «Бәйтерек Development» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Жақыповқа, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дирекциясы департаментінің басшысы Б.Айтымбетовке, бұрынғы және қазіргі басқарушы директорлар Г.Анарбайға Г.Сәриевке, «Project City Group» ЖШС басшылары мен құрылтайшылары К.Смағұловқа, Б.Есмұхановқа, Е.Жұманазарға және А.Комаровқа «тұтқындау» бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеушілер «Бәйтерек Development» АҚ жүйелі түрде пара ретінде 288 миллион теңге алғанын анықтады. Сәл кейінірек аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған «Байтерек Development» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты факті бойынша, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың бірі — компанияның бұрынғы басқарма төрағасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғырту орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы болып келген Б.Жақсыбаев тұтқындалды.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық