
Елімізде өз бүйрегін өзгеге берген азамат көз жұмды. Әдетте ағзадағы бір мүшесін берген емес, алған адам өмірден өтетін. Бұл туралы Гүлнәр Бәжкенова өзінің Фейсбук парақшасына жазды. Ол бүйрек ауыстырған дәрігерлердің әрекетіне ренішін білдірді.
Г. Бәжкенова «Қазақстанда алғаш рет бүйрегін берген адам өлді. Сол азаматтың дені сау еді. Қайғылы оқиғаның мән-жайын ҰҚК құрған арнайы комиссия тексеріп жатыр. Маған істі құпия түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл не деген жауапсыздық?» — дейді.
Жазбада бүйрек алған жігіт пен марқұмның арасында ешқандай туыстық қатынас жоқ екені айтылды.