jasqazaq.kz

Бүйрегін 30 мың долларға сатпақшы

23 тамыз 2016, 23:34

images

Елімізде ақша үшін дене мүшесін сатуға дайын адамдар көбейіп барады. Сатылымға шығарылған мүшелердің ішінде бүйрек, бауыр мен жүрек көп. Тіпті, ғаламтор беттерінде өз ағзасын бөлшек саудаға айналдырғандар, мүшелерінің бағаларына дейін жазып қойған. Заңға қарсы шыққандардың көбі бұндай қадамға жоқшылықтан барып отырғандарын айтады.

Он екі мүшесі сау Сергей өзінің бір жақ бүйрегін 30 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Пышаққа түсіп, ағзасының бір мүшесін алып беруге апталдай азаматты мұқтаждық итермелепті. Несиелерін жабу үшін қарызға белшесінен батқан 30 жастағы Сергей «өзегімді сатпасқа өзге амалым жоқ», — дейді.

СЕРГЕЙ ОРЛОВ, Қарағанды қаласының тұрғыны:

— Осындай қадамға барғаным заңсыз екенін білем. Бірақ маған ақша қазір аса қажет. Екі бүйрегім де сау. Өмірімде темекі тартып көрген емеспін.

Бүйрек, бауыр, жүрек сатамын! Ғаламторда осындай жарнамалардың саны екі мыңнан асады. Ағза мүшелерін сататындардың жасы әр түрлі. Басым бөлігі жас жігіттер мен қыздар. Бүйрекке сұраған құны 30 мыңнан 100 мың долларға дейін барады.

Ал дәрігерлер, Қарағандыда әсіресе, бүйрек мүшесінің үлкен сұранысқа ие екенін айтады. Өйткені қазір мәйіттік донорлардың ағзасы тапшы. Сондықтан көп жағдайда бүйрек, бауыр трансплантациясына науқастардың туыстары донор болады екен.

САЛТАНАТ САРИЕВА, Гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі:

— Біздің гемодиализ орталығына звондап, өз дене мүшелерін ұсынғандар көп. Бірақ оның заңсыз екенін біліп, біз ұсыныстардан бас тартамыз. Донор ретінде мерт болғандарды қарастырамыз.

Ағзаларын мүшелеп сату дінге де қайшы. Имамдардың сөзінше, дене мүшелерін тек өлім аузында жатқан адамдарға беруге рұқсат. Оның өзінде тегін болуы тиіс.

СЕРІК ҚҰРМАНОВ, Наиб имам:

— Өліп бара жатқан адам және де донор болатын адамның анық қайтыс болғаны белгілі болғаннан кейін осындай әрекетке ислам діні жол береді.

Қазір Қарағанды облысы бойынша бүйрек ауыстыру кезегінде 300 адам тұр. Олардың көбі қан айналымын гемодиализ орталығында жасанды аппарат арқылы күшейтеді. Ал дене мүшелерін жасырын сататын жандар заңмен жазаланады екен. Оларды 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

31.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық