jasqazaq.kz

Азық-түлік бағасын шектен тыс өсіргенді әшкере ететін жедел желі іске қосылды

24 қыркүйек 2025, 10:45

Үкіметтің  отырысынан кейін ауыл шаруашылығы министрі сиыр еті бұдан артық қымбаттамайды деп уәде берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Айдарбек Сапаров бағаны тұрақтандыру үшін барымызды салып жатырмыз дейді Айдарбек Сапаров. Делдалдармен де күрес басталып кетіпті. Ал тұтынушы кез келген сауда орнында ет құнының орынсыз көтерілгенін көрсе. әкімдік белгілеген жедел желіге хабарласа алады.

Үкімет бағаның бұлай құбылуының «бірнеше себебі бар» деп отыр. Соның бірі — еттің өзіндік құны артқан. Оған жем-шөптің қымбаттап, жанар-жағармай бағасының өсуі себеп. Коммуналдық тарифтер де былтырғыдай емес. Көрші елдер, әсіресе, Өзбекстан тарапынан сұраныс еселеп артыпты. Дегенмен мал басы жетеді деп отыр ауыл шаруашылығының министрі.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: — Мал басы жеткілікті. 17 пайызға алған малдың басы көбейіп жатыр. 7 миллион 900 мың бас болса, 8 миллион 700-ге жетті. Ал енді өз құнын айтатын болақ, бұрын малды тірідей өлшемге алатын болсақ, 1200 ден-1500-ге дейін баратын. Қазір 1700-1800-ге дейін өсті. Өйткені тарифі бар, суы бар.

Сиыр еті төңірегіндегі дүрбелең үдеген тұста, «құс етіне сұраныс артып, құны қымбаттап кетпей ме?»деген сұрақ министрлерге күн сайын қойылады екен. Сауда министрі Арман Шаққалиев, «басқасы басқа, тауық етінің құны көтерілмейді» деп отыр.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі: — Тұтынушылардың бір өнім түрі қымбаттаған кезде, арзан өнім түріне көшетіні — заңдылық. Дегенмен соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының индексі 0,1 пайызды құрады. Бұл — жақсы көрсеткіш. Сол себепті құс етінің бағасы айтарлықтай қымбаттайды деп күтілмейді.

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции