jasqazaq.kz

«Қазинвестбанк» жұмысын неге тоқтатты?

24 желтоқсан 2016, 16:30

Банкте техникалық ақау болды деп хабарлайды қаржы мекемесінің call-орталығындағылар.

«Қазір бізде техникалық ақау орын алды. Өкінішке қарай, банктің атқаратын барлық операциясын іске қосу мүмкін болмай тұр. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Біз дүйсенбіге дейін банктің барлық жұмысы өз қалпына келеді деп сенеміз» — деді «Қазинвестбанктің» тұтынушыларды қолдау қызметі.

Алайда бұл ретте өз дерек көздеріне сілтеме жасаған Forbes.kz «Қазинвестбанк» техникалық дефолтқа жол беріп қойды деп хабарлады.

Басылымның келтірген дерегіне сүйенсек, банктің тағдыры дүйсенбі күні, 26-желтоқсанда шешілмек. Қадағалаушы орган қандай шешім қабылдайды: банкті аман алып қалу керек пе әлде банкрот жариялағаны жөн бе?

Кейбір дереккөздер бойынша, тура осындай жағдай Қазақстандағы ірі банктің 20-сы қатарына енетін тағы бір банктің басына да туған.

KASE сайтында 21-қарашада «Қазинвестбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиыны шақырылғаны хабарланған. Күн тәртібіне өзгеріске ұшыраған банктің қаулысын қайта қарап, бекіту ұсынылған.

KASE сайтында келтірілген дерекке сүйенсек, ҚР Ұлттық банкті 23-желтоқсанда «Қазинвестбанктің» 2015 жылдың 5-қарашасы мен 2016 жылдың 4-мамыры кезеңі аралығында орналастырылған акцияларының қорытындысы туралы есепті бекітті. 2016 жылдың 5-мамырындағы жағдай бойынша банктің 201 650 214 қарапайым акциясы орналастырылмай қалған, оның жарғы капиталы 13 954 767 000 теңге көлемінде болды.

Ал 2-қарашада «Қазинвестбанк» тұтынушыларына несие ұсыну үшін 30 млн доллар көлемінде қарыз алғанын жариялады. Бұл туралы банк Қазақстан қор биржасын құлағдар еткен.

7-қарашада Ұлттық банк депозит қабылдау және жеке тұлғаларға банк шотын ашу бойынша «Қазинвестбанктің» лицензиясын тоқтатты.

ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі жұмыстарда анықталған өрескел қателіктер мен заңсыздықтар банкке қатысты қарсы осындай шаралар қолдануға тура келген.

 

365info.kz

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства