jasqazaq.kz

Ажырасуға тыйым салынбақ

15 шiлде 2016, 15:26

img_a95ad2cde90be188467d5ad0f346484a
Украина премьер-министрі Владимир Гройсман елде ерлі-зайыптылардың қандай да бір себеппен ажырасуна тыйым салуды қолға алатынын жеткізді – дейді BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы 14 шілде күні «Взгляд» іскерлер газеті хабарлады. Онда үкімет басшысы бұль қадамға амалсыздықтан баратыны жазылған.

«Мен, жалпы, әділет министрінің ажырасуға тыйым салу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Жұрттың бәрі мұны қалжың деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ бұл – менің шындығым. Себебі, отбасы деген – ең жоғары құндылық. Маңыздысы, үйлі-жайлы адамдар бір-бірлерімен бақытты өмір сүрулері керек», – деді Гройсман Украина министрлер кабинетінің отырысында.

Премьер бұл мәлімдемесін Украина әділет министрі Павел Петренко тәулігіне некеге тіркелетіндер жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғанын баяндағанынан кейін жасады. Министрдің айтуынша, жобаның алғашқы қызметін Киев, Одесса және Львов қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

Жоба көп ұзамай Херсонда, Мариупольде және Северодонецкіде жүзеге асырылмақшы. Қазіргі таңда Украинада некеге тіркелу үшін 30 күн бұрын өтініш беріледі.

Біздің елде де отбасын құрған жұптардың 40 пайызға жуығы ажырасып кетеді екен. Демек Украина Премьер-министрінің ұстанымын біз де қолдауға болатын секілді. Дегенмен біздегі ажырасудың басты себебі – жұмыссыздық дейді мамандар.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды