
Біздің азаматтар әсіредіншіл идеологияның шырмауында кетпеуі үшін қажылыққа бару тәртібіне өзгеріс енгізбекші. Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелге қажылыққа барған азаматтарды әсіредіншіл идеологияның теріс әсерінен қорғау үшін «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңға өзгеріс енгізілетінін хабарлады.
Сондай-ақ, осы заңға елімізде таратылатын дінге қатысты әдебиетті діни сараптамадан өткізуді талап ететін өзгеріс енгізу де көзделіп отыр. Бұған дейін мұндай талап тек сырттан әкелінген діни әдебиетке қатысты еді. Ендігі жерде шеттен мұндай дүниені жалғыз данамен тек жеке пайдалану үшін ғана әкелуге болады. Министр мұндай өзгеріс жікшілдік (экстремистік) мазмұндағы діни әдебиетті жан-жақты анықтауға септігін тигізеді деген пікірде