jasqazaq.kz

Ажар Ғиният Тараздағы бала сату оқиғасына пікір білдірді

26 қантар 2023, 17:25

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бала саудасымен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, бізде мұндай жағдайлар шамамен бес жыл бұрын болған. Содан кейін бүкіл перинаталдық орталықтар мен перзентханаларға бейнебақылау орнаттық. Баладан бас тартқан аналардың жанында болатын мамандардың, психологтардың жұмысын ұйымдастырдық. Осындай нақты жұмыстар жүргізілді», — деді А. Ғиният.

Сонымен қатар министр Тараздағы оқиғаның мән-жайын нақты білмейтінін айтты.

«Барлық перзентханада бейнебақылау жүйесі орнатылған. Дәрігерлер палатадағы жағдайды қарап отырады. Алайда жақында болған оқиғаны назарға ала отырып, ел бойынша медициналық персоналмен тағы да тиісті жұмысты атқаратын боламыз», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан акушерлер қамауға алынды.

Биылғы 12 қаңтар күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Оның барысында 39 жастағы әйелдің жаңа туған қыз баланы акушерден 1,5 млн теңгеге сатып алғаны әшкере болған.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата