jasqazaq.kz

Қазанда мас жүргізуші әуежайға көлігімен кіріп кетіп, орасан шығын келтірген (Видео)

23 желтоқсан 2016, 2:28

Қазан қаласында мас жүргізуші полициядан қашып, әуежай терминалының аумағына кіріп кеткен.

Құқық қорғау қызметкерлері ВАЗ-2115 көлігін Қазан қаласының орталығында тоқтатпақ болған екен. Жүргізуші заңды талапқа бағынбай, полициядан қатты жалдамдықпен қашқан. Полиция көлік соңына түскен, ВАЗ қала аумағынан шығып, әуежайға жеткен. Жүргізуші шлагбауымнан өтіп, талон алған. Сосын көлік тұрағына барып, басқа автокөліктер арасына өз көлігін жасырмақ болған. Жүргізуші өзін байқап қойғанын көргеннен кейін, қайтадан қашуға тырысқан.

Басылымның пайымынша, полиция көліктің алдын бөгеген, сол кезде жүргізуші әуежай терминалы арқылы өтпек болып, терминал ішіне әйнек терезелерді шағып кірген. Ол әуежайдың залы арқылы жүріп өтіп, басқа жағынан шыққан. Автотұрақта ол бөгетке соғылып, қолға түскен. Басылымның мәліметінше, полиция қызметкерлері жүргізуші теракт жасамақ ниетте болды деп ойлаған. Көлікті тексеру үшін жарылғыш техника мамандары мен қызметтік иті бар сарапшы шақыртылған. Күдік расталмады. Жүргізушінің мас екендігін анықтайтын медициналық куәліктен бас тартқаны да хабарланды. Қазір ол Қазан әуежайының полиция бөлімшесінде қамауда отыр.

Басылымның хабарлауынша, төтенше жағдайдан кейін халықаралық «Қазан» әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші залды айналып жүріп, детекторлар мен өзге де тексеріс техникасын қиратқан. Ол кофеханалрдың әйнектерін де сындырып өтпек болған. Қазір жүргізушіден сұрау алынып жатыр.

НТВ арнасының мәліметінше, 40 жастағы жүргізушінің келтірген залалы алты миллион рубльді құрап отыр.

https://youtu.be/MdX7cTfQrEs

kaz.tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық