
Шетелде лаңкестік және экстремистік әрекет жасағандар Қазақстан азаматтығынан айырылуы мүмкін. Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов бүгін үкімет отырысында заңға осындай өзгеріс енгізуге қатысты жұмыстың қолға алынғанын хабарлады.
Қазақпарат агенттігі хабарлағандай, егер заң жобасы мақұлданса, онда жатжұртта террорлық әрекет жасағандардың елге кіруіне тосқауыл қойылады. Қ. Қасымов бұл мәселеде халықаралық тәжірибенің ескерілетінін атап өтті.