
Астанада 19 шілде күні өткен Үкіметтің кезекті отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. Үкімет мүшелері Алматыда 18 шілд
е күні орын алған террорлық акт құрбандарына осылай құрмет көрсеткеннен кейін сол күнгі отырыстарын негізінен терр
оризм мәселелері төнірегінде өрбітті.
Елімізде арасына айдан асар-аспас уақыт салып бірінен соң бірі қайталанған лаңкестік оқиғалар үкіметтің есін мықтап жиғызған сыңайлы. Үкіметтің төрт көзі түгел жиналған жиында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов шетелде лаңкестік және экстремистік әрекет жасағандарды Қазақстан азаматтығынан айыру қажеттігін айтып, заңға сондай өзгерістер енгізу бағытында жұмыстың қолға алынғанын хабарлады.Бұл заң жобасы алдағы уақытта мақұлданса, бөтен елде лаңкестермен бірге бүлік салғандар енді қайтып еліміздің есігін аша алмайтын болады. Қ.Қасымов заң жобасын жедел, ат-үсті жасамай, барлық жағдай жан-жақты сарапқа салынып, халықаралық тәжірибелер де жете зерттелетінін айтты.
Соңғы кезде «біртүрлі» пікірлерімен БАҚ беттерін бермей жүрген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысында әріптесін қолдап, елге бөтен идеологияны беттетпеудің бір амалын қарастырып жатқанын жеткізді. Бұл министрлік қажылыққа бару тәртібіне қатаң өзгерістер енгізбекші екен. Өйткені, Сауд Арабиясына қажылыққа баратындар да әсіредіншіл идеологияның шырмауына ілігуі мүмкін. Еліміздің қажыларын идеологияның теріс әсерінен қорғау үшін «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңға өзгеріс енгізу керек.Арыстанбек Мұхамедиұлы өзгерістер енгізу бағытында нақты жұмыстар қолға алынғанын да айта кетті.
Жалаң тәртіп жағдайды өзгертпейтіні анық. Сондықтан бұл заңда тек тәртіпті емес, елімізде таратылатын дінге қатысты әдебиетті діни сараптамадан өткізуді талап ету де көзделіп отыр. Жаңа өзгерістердің бірі осы бағытты қамтиды. Бұған дейін мұндай талап тек сырттан әкелінген діни әдебиетке қатысты қойылған екен. Министрдің айтуынша, мұндай өзгерістер экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті жан-жақты анықтауға септеседі.