jasqazaq.kz

Қазақстандық 16 жастағы қыз арбада отырып билеуден өткен Азия чемпионатында алтын жүлдені иеленді

08 қараша 2016, 4:58

photo_31241

Қостанай қаласының тұрғыны Малика Мұқтарова Тайваньда арбада отырып би билеуден өткен Азия чемпионатында алтын жүлдені иеленді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың әпкесі Самал Асанова айтып берді.

16 жастағы Малика woman single категориясындағы жарыстарда өнер көрсетеді екен. «Бүгін мен түнгі сағат екіде әпкемді Тайваньнан күтіп аламын. Ол Тайваньда арбада отырып би билеуден алтын жүлдеге ие болды. Оның жасы 16-да және ол бізбен, яғни ересектермен салыстырғанда күш-жігері мың есе көп»,- деп жазған еді Асанова осыған дейін Instagram желісіндегі парақшасында.

Жеңімпаз қыздың әпкесінің айтуынша, Қостанайдағы мүгедектерге арналған ұйымда Малика шамамен 3-4 жылдай өнер көрсетіп жүр. Сонымен қатар, Асанова Маликаның бірінші топтағы мүгедек екенін айтып өтті. Ол дүниеге келгеннен бері арбаға танылған екен. «Малика барлық жарысқа анамызбен бірге барады. Бірақ бұл жолы сапардың бағасы қымбат болғандықтан, спорт комитетіндегілер жолдың ақшасын Малика мен оның бапкеріне ғана төледі»,- дейді қыздың әпкесі. Анасы жолдың ақшасын төлей алмаған, себебі отбасында церебралды сал ауруымен ауыратын 10 жастағы тағы бір мүгедек қыз бар екен.

Айта кетейік, Мұқтарова қыркүйек айында Санкт-Петербургте өткен Кубокта қола жүлдені иеленген болатын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық