
Алматы. Қаладағы аудандық соттардың бірінің залында отырмын.
Судья — қазақ. Айыптаушы — қазақ. Айыпталушы — қазақ. Адвокат — қазақ. Куәгерлер де жүз пайыз қазақ. Бірақ судьядан бастап, бәрі орыс тілінде сайрады. Прокурор, әділет майоры, тіпті тілін бұрап, ешкім қинамаса да, орысша тілін бұрап сөйлеп жатыр.
— Мен орысша сөйлей алмаймын, — деп едім судья:
— Прессасын ба? Сонда прессага бола казахша сойлеймыз ба? Орысша айта берыныздер, — деді айналасындағыларға қолын сілтеп.
Есіме туған тілінен айырылып, «қысықкөзді орыстар» атанып кеткен тайгалықтар түсті. Мына түрімізбен енді бір бес-алты жылдан соң бізде солардың қатарына қосыламыз-ау — сөз емес, нақты тірлікке көшпесек..!
Марат Маманбай