jasqazaq.kz

Азғынның арам ниеті іске аспады

22 желтоқсан 2016, 16:56

ШҚО Мақаншы ауылында ҚХР азаматы 11 жастағы қызды зорламақ болған. Баланы саябаққа сүйреп бара жатқан күмәнді ер адам жайлы мәліметті полицияға жергілікті такси жүргізушісі хабарлаған. Тәртіп сақшылары қаскөйді ұстаған.

Tengrinews.kz хабарлағандай, алдын ала мәлімет бойынша, оқиға мереке күндері болған. Қазақстанда ықтиярхатпен жүрген ер адам 11 жастағы қызды зорламаған болған.

«Үржар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекеті дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша іс сотқа жолданады. Күдікті ер адам 1961 жылғы, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Осы іс бойынша тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады ШҚО ІІД өкілдері.

Сөйтсек, ұсталған адам зардап шеккен қыздың ата-анасының танысы екен. Сол күні ол анасына қызбен бірге дүкенге барып, киім сатып әперуді ұсынған. Айта кетерлігі, ер адам сол кездің өзінде мас болған. Бірнеше сауда орнына кіргеннен кейін ол такси ұстап, қызды алып кеткен. Жүргізушіге саябаққа жеткізуін бұйырған.

«Такси жүргізушісі жолаушыларды апарған. Ер адам мен қыз баланы. Жүргізуші ер адамның саябақ маңында түсіру туралы сөзін естіп, күмәнданған. Осы жағдай туралы ол жергілікті құқық қорғау органдарына хабарлаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары зорлау әрекеті барысында ер адамды ұстады», — деді жергілікті тұрғын.

Полицейлер оқиға орнына жеткенде ер адам баланы шешіндіріп үлгерген. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары қаскөйді дер кезінде ұстап, қыз аман қалыпты.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/shko-da-11-jastagyi-kyizdyi-zorlamak-bolgan-er-adam-ustaldyi-275738/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции