jasqazaq.kz

ҚазҰУ: Оқу залы ашылды

16 мамыр 2016, 15:00

DSC_9803

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында Тұңғыш Президент оқу залы ашылды. Мұндай залдың еліміздің үздік жоғары оқу орны қабырғасында ашылуы үлкен тәрбиелік мәнге ие, себебі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмір жолы Отанға шексіз қызмет етудің жарқын көрінісі және жас ұрпақ үшін патриоттықтың нағыз үлгісі болып табылады.

Қазақстан Тұңғыш Президентінің оқу залы көпшілік оқырман қауымға арналып ашылған. Бұл – басында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрған тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаю тарихы бойынша ақпараттық қорды құру, үнемі толықтырып отыру және сақтауды жүзеге асыратын ерекше ағартушылық орталығы. Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарының жоғарылауы, еліміздегі ынтымақтастық пен келісім, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам негізін қалау, экономикалық серпіліс пен Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жетістіктерін қазақстандықтар Елбасы есімімен байланыстырады.

DSC_9826
Зал қорының негізгі дереккөздерінің бірі – Президенттің жеке кітаптары мен ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарына арналған тарихи зерттеулерден тұратын материалдар. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев, оның отбасы, оқушы және студенттік кезеңдері, еңбек жолы және қоғамдық-саяси қызметтері туралы суреттер, картиналар, архивтік құжаттардың көшірмелері, кітаптар, шығармалар мен видеофильмдер де кеңінен ұсынылған. Сонымен қатар, қордан Президенттің өзі құрметті профессоры болып табылатын ҚазҰУ ұжымына арналған құттықтау хаттарымен және жолдауларымен де танысуға болады.

DSC_9854

Студенттер мен ғалымдар, әсіресе, Мемлекет басшысының ҚазҰУ-да және басқа да ЖОО-ларда оқыған дәрістеріне ерекше қызығушылық танытады. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасымен орнатылған ынтымақтастық нәтижесінде зал оқырмандарына оның санаулы материалдары да қолжетімді.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты