jasqazaq.kz

Автонесие: жұртты жаппай жарылқау мүмкін емес

07 ақпан 2023, 12:49

Жеңілдетілген автонесиемен жұрттың бәрін жарылқау мүмкін емес. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров осылай деді. Астанада БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген басқарма төрағасының орынбасары: «Біз алдын ала ескертіп, 5 күн бұрын небәрі 761 орын болатындығын жария еттік. Өйткені, жиналған қаржы 7,6 млрд теңге ғана. Соған орай кредиттің ең жоғары сомасы 10 млн теңге болған кезде 761 орын ғана болады.

Қазақстандықтарға автонесие үшін бәріне ақша бөле алмайтындығымызды ескерттік. Бұл мүмкін емес», – деді.

18 секундта 761 адамның ғана өтінішін қабылдап алған платформаның жұмысына наразылық әлі де күшейіп тұр. Мысалы алматылық Айнұр есімді тұрғын бүй дейді. «Біз бұл ақпаратты алдын-ала білдік, «бес қаруымызды сақадай-сайлап» тіпті ІТ саласының маманын да шақыртып алып мезгіл сәтін күттік. Тура 10:00-де сайтқа кіріп өтініш жібердік, сенсеңіз, 5 секунд уақытымыз кеткен де жоқ, өтінімді қабылдамай қойды».

Жеңілдетілген автонесие алушыларды жарылқау үшін ашылған сайттың жұмысын әлі де жетілдіріп, дамыта түсу қажет. Мұны осы салаға жауаптылар да мойындап отыр. «Бағдарламада нақтылық та болмады, онымен қазір жұмыс істеп жатырмыз. Ол әлі де дамыта түсетін жоба ретінде іске қосылды. Біз барлық пікірлер мен ескертпелерді алдағы уақытта яғни мамыр айынан бастап ай сайын іске қосу кезінде жөндеп түзетеміз», — деді Р.Ғаппаров.

Автокөлікті пайызы төмен несие шарты бойынша рәсімдеуді қалайтындарға өтінімді смартфон арқылы да беру мүмкіндігі қарастырыла ма деген сұрақ қойды. Бұған қатысты Р.Ғаппаров әзірге смартфон арқылы өтінім беру мүмкін емес екенін, өйткені электронды цифрлық қолтаңбаны смартфон арқылы қою мүмкін еместігін ескертті. Әрі интернет аляқтарынан сақтану, өзінің кезегін өзгеге беру әрекеттері орын алмас үшін де смартфоннан өтінім беру мүмкін болмайтынын айтты. Басқарма төрағасының орынбасары бір қайнауы кем бағдарламаның кем-кетігі бүтінделетініне сендірді.

Алдағы уақытта үкіметтен бағдарламаның өрісін кеңейту мақсатында қосымша қаржы сұрау да көзделіп отыр.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде